Қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компания анықталды
Қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компания анықталды
Фото: polisia.kz
369
оқылды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, кейбір азаматтар пайда табу үшін ПТР тест, вакцинация паспортын қолдан жасайды.

Биыл осы кезге дейін осындай 30 факті тіркелді. Атап айтқанда, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне сапарын рәсімдеу кезінде 143 вакцинация паспортын дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тінту барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк алынды, сот сараптамасы тағайындалды. Ескерер жайт, елімізде жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы бар.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов: «Әлеуметтік желіге мониторинг жасаймыз. Деректер базасында ресми тіркелген анықтамаларды немесе вакцинация паспортын дайындау туралы жалған ұсыныстарды анықтаймыз. Біз қазірдің өзінде осындай 35 хабарландыруды анықтадық. Ішкі істер министрлігі коронавируспен байланысты барлық ақпаратты жіті қадағалайды, – дейді.