Вакцина ер мен әйелдің балалы болуына қалай әсер етеді?
Вакцина ер мен әйелдің балалы болуына қалай әсер етеді?
291
оқылды

Елімізде екпе салдыру міндеттеліп жатқанда, жүктілікті жоспарлаған жұптар вакцина салдырудың қаншалықты қажеті бар екенін білмейді. Мамандар вакцина алған адамның қаны қоюланбайтындықтан репродуктивті жүйеге екпе кері әсерін тигізбейтінін айтып отыр. Ал екпенің бірінші дозасын алған әйелдер жүкті болып жатса, онда екінші компонентін 3 айдан кейін алуы керек, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Репродуктивті медицина институтының маманы Ләззат Айтқожинаның айтуынша, екпе алған адамдар жүктілікті 1 айдан кейін жоспарлауына болады.
"Табиғи жолмен болса да, ЭКО жасатуға келсе де, не болмаса дайын эмбрионды салдыруға келсе де, 1 айдан кейін рұқсат етілген. Болашақта әлі не көрсететіні белгісіз. Дұрыс не қате деп айта алмаймын. Әр пациент өзі шешеді", – дейді ол.
Ал екпенің алғашқы дозасын алғаннан кейін жоспарсыз жүкті болып қалған келіншектер екінші компонентін 12 аптадан кейін ғана алады. Өйткені, дәл осы аралықта баланың барлық даму функциясы жетіледі. Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: