Тоқаев оқытудың бұрынғы жүйесіне қайта оралуды тапсырды
Тоқаев оқытудың бұрынғы жүйесіне қайта оралуды тапсырды
Сурет: ortcom.kz
730
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласының өзекті проблемаларын тілек тиек ете отырып, оқыту жүйесі жаңа оқу жылынан бастап бұрынғы форматына оралуы керектігін ескертті.

Індеттің кесірі білім саласына да айтарлықтай өзгерістер әкелді. Соның салдарынан оқушылар оқудың онлайн режиміне көшті. Бірақ бұл баланың толыққанды білім алуына кедергі келтіретінін өткен екі жылдық тәжірибе көрсетіп отыр.
«Індет оқушылар мен студенттердің білім алуына кері әсер етті. Былтырғы оқу жылында балалар онлайн оқыса, енді жаңа оқу жылында оқытудың бұрынғы жүйесіне қайта оралуды тапсырамын, – деді ел Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы осыған орай қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтап, студенттер мен оқушылардың дәстүрлі білім алуына барынша жағдай жасау қажеттігін, індетпен күресте вакцинациялауға айрықша мән беру керектігін айтты. Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында ақшаны жылыстатуға арналған күмәнді схемалар бар екенін айтты.

Дәулет АСАУ.