Иван Дычко қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді – Видео
Иван Дычко қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді – Видео
Фото: sports.kz
226
оқылды
MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының Алматыда өткізіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Иван Дычко қарсыласын 58 секундта жеңді. 30 жастағы қазақстандық рингке екі жылдан кейін оралып отыр. Жекпе-жекте қарсыласы тәжірибелі ресейлік боксшы Денис Бахтов болды (39-18, 26 КО). Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған, бірақ Дычко ресейлік боксшыны небәрі 58 секундта нокаутқа түсірді. https://youtu.be/veJNKpfIzGw Сонымен қатар осы бокс кешінде қазақстандық Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) отандасы Арман Рысбекті (7-1, 6 КО) нокаутпен жеңді. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген, бірақ Елеусінов қарсыласын бесінші раундта-ақ есеңгіретті. Осы раундтан кейін Рысбек жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бүгін рингке шығатын боксшылар: Сұлтан Зауырбек (10-0, 7 КО, Қазақстан) - Ронни Кларк (21-4-2,10 КО, Ұлыбритания); Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО, Қазақстан) - Алексей Евченко (19-14-2, 8 КО, Ресей).