Алматыда ұлттық ұлан лейтенанты егде жастағы ер адамды құтқарып қалды
Алматыда ұлттық ұлан лейтенанты егде жастағы ер адамды құтқарып қалды
239
оқылды

Ұлттық ұланның лейтенанты Аслан Әбжанов құрысу синдромы бар егде жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 шілде күні кешкі сағат 22:00 шамасында аға лейтенант Аслан Әбжанов отбасымен Крылов көшесінде қыдырып жүрген кезде жолдың бойында жатқан ер адамды көрген. Жақындаған кезде азаматта құрысу синдромының басталғанын (аузынын көбік шығып, конвульсиялар болған) көреді. Аға лейтенант А. Әбжанов жедел жәрдем көлігін шақырып, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетеді: аузынан тілін шығарып, оған өз бетінше демалуға көмектескен», — делінген Ұлттық ұланның баспасөз қызметінде.
Медициналық көмек келгенге дейін азамат өз-өзіне келіп, қалалық емдеу мекемесіне жіберілді. Осылайша, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерінің батыл және жедел әрекеттерінің арқасында егде жастағы ер адамның өмірі құтқарылды.