Алматыда жалған вакцинация паспортын жасағандар ұсталды – видео
Алматыда жалған вакцинация паспортын жасағандар ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
331
оқылды

Қалалық Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда екі жеке медициналық орталық «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ, №4 емханада дәрігерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды.   https://youtu.be/Wpr1dwZ3i_o

Бірінші емханадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тест жасаған. Біраз уақыттан кейін «Сұңқардың» дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Тінту кезінде ПТР тест нәтижелері, ақша тәркіленді.

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды. Ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.