Жұмыс кезінде 54 адам қайтыс болды: Қазақстанда қай салада жұмыс істеу қауіпті?
Жұмыс кезінде 54 адам қайтыс болды: Қазақстанда қай салада жұмыс істеу қауіпті?
289
оқылды

Былтыр Қазақстанда 2033 адам жұмыс орнында зардап шеккен. Бұл – 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 78 адамға аз. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында көп адам (520 адам) жараланған болса, қайтыс болғандардың көбі құрылыс саласында тіркелген.

Ranking.kz хабарлауынша, елде жұмыс орнында зардап шеккендердің саны екінші жыл қатарынан азайды. Бірақ жұмыс орнында қайтыс болғандар саны 13-ке көбейді. 2019 жылы 190 адам, 2020 жылы 203 адам жұмыс кезінде көз жұмған. 2020 жылы жазатайым оқиға кезінде зардап шеккендердің жартысынан астамы өңдеу (520 адам, тау-кен (349 адам) өнеркәсібінде және құрылыста (229 адам) жұмыс істеген. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласында 222 адам, ал көлік және қойма саласында 140 адам жараланған. Ал жазатайым оқиға кезінде қаза болғандардың көпшілігі құрылыста (54 адам), өңдеу (39 адам) және тау-кен (24 адам) өнеркәсібінде жұмыс істеген. мамандық, кәсіп Жазатайым оқиғадан зардап шеккендердің көбі Қарағанды облысының кәсіпорындарында жұмыс істеген (443 адам), одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы (314 адам) және Алматы (134 адам). Жұмыста зардап шеккендердің ең азы Қызылорда (41 адам), Алматы (44 адам) және Солтүстік Қазақстан (50 адам) облыстарында тіркелген.