Фитнес залы мен кинотеатры бар мәйітханаға қатысты басқарма өкілі пікір білдірді
Фитнес залы мен кинотеатры бар мәйітханаға қатысты басқарма өкілі пікір білдірді
Фото: 24.kz
1,003
оқылды

Жоба талапқа сай дайындалған. Шенеуніктердің айтуынша, егер жабдықтар мен кабинеттер қарастырылмаса, құжат мемлекеттік сараптамадан өтпейді.

Облыстық құрылыс басқармасы құны бір миллиард теңгеден асатын мәйітхана құрылысына тендер жариялаған болатын. Конкурс жеңімпазы анықталды. Мердігер алдағы 11 ай ішінде құрылысты аяқтауы қажет. Әзірге қазынадан қаражат бөлінбеген.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев: «Психо-эмоционалдық жеңілдету, оқытушының кабинеттері және мемлекеттік тілде оқыту кабинеті, фитнес зал сол ережелерге сәйкес жасалды. Аталған кабинеттер 8 сағаттық жұмыстан кейін патологоанатомдық бюро қызметкерлерін психологиялық сергіту үшін жасалған жоба. Сондай-ақ, үй кинотеатры болады деп отыр», – деді.

Бұған дейін мәйітханада марқұмдардың мәйіті ауысып кеткені туралы жазған болатынбыз.