Бұдан былай шетелден келгендер қанша күн оқшауланады?
Бұдан былай шетелден келгендер қанша күн оқшауланады?
Фото: zakon.kz
301
оқылды

Қазақстанға шетелден келгендер вакцинация паспорты болмаса, 3 күнге оқшауланады.

«Қазақстанның шетелден келген азаматтары және елімізде тұруға ықтиярхаты бар адамдарда Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаса, ПТР тест тапсыру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады. Құжат бойынша COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіліп, тиісті қолхат алынады. COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емделуге жатқызылады» делінген жаңа қаулыда.

Бұған дейін Қазақстанның төрт аймағында карантин күшейгенін жазған болатынбыз.