Шымкенттен әкелінген қарбыздардың құрамында шамадан тыс нитрат табылды
Шымкенттен әкелінген қарбыздардың құрамында шамадан тыс нитрат табылды
Фото: lada.kz
322
оқылды
Атырауда өткен аптада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері 141 түрлі жеміс-жидек пен көгөніске зертханалық талдау жүргізген. Нәтижесінде қарбыздың құрамында нитрат мөлшері шамадан артық болып шықты, – деп жазады lada.kz.
"Ираннан келген өнімдер бар. Аргентина, Марокко, Эквадор елдерінен әкелінген өнімдер. Тексерілді, барлығы да нормаға сай. Тек қана қарбыз өнімінде нитраттың жоғары мөлшері анықталды. Шымкент қаласынан әкелінген екен ,– дейді Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының бас маманы Сымбат Балмұқанова.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша, тәулігіне адам дене салмағының 1 кг-на шаққанда 3,7 мг нитрат концентрациясы рұқсат етілген. Бірақ, әр елде бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Мысалы, Германияда тәулігіне 50-100 мг, Америкада - 400-500 мг, Өзбекстан, Армения, Грузия елдерінде - 300 мг. Қазақстанда нитраттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы - 320 мг.