Морозов UFC-гі жеңісі үшін қанша гонорар алады?
Морозов UFC-гі жеңісі үшін қанша гонорар алады?
Фото: rutube.ru
309
оқылды
Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін алатын гонорары белгілі болды. АҚШ-тың Лас-Вегасында өткен кездесуде Сергей Морозов неміс Халид Тахамен шайқасты. 3 раундқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды. Thesportsdaily.com сайтының хабарлауынша, Морозов бұл жекпе-жектен 24 мың доллар тапқан (жекпе-жек үшін 10 мың, жеңісі үшін 10 мың және 4 мың ынталандыру төлемі). Ал, Халид Таха 24 500 доллар алған (жекпе-жек үшін 20 мың және 4500 – жекпе-жек алдындағы ынталандыру төлемі). Бұл Морозовтың кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісі. Ал UFC алаңына Морозов екінші рет шығып отыр. Алғашқы кездесуінде отандасымыз қаңтарда ресейлік Омар Нурмагомедовке есе жіберген.