Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде бірінші нөмірмен қатысқан Путинцева жексенбі күнгі финалда украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.
26 жастағы қазақстандық үшін бұл Әйелдер теннис ұйымындағы (WTA) екінші жеңісі.