ШҚО-да ауыл әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен кездесті
ШҚО-да ауыл әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен кездесті
308
оқылды

15 шілдеде Семей қаласына қарасты Алғабас ауылдық округінде ҚР Мәжілісі Парламентінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Игорь Панченко Алғабас ауылдық округі бойынша Nur Otan партиясынан ауылдық округ әкіміне үміткер Төлеген Құсайыновпен және ауыл халқымен кездесті.

 «Біз жарты жыл уақыт ішінде ел игілігіне арналған бірнеше заңды қабылдадық. Өздеріңізге белгілі ол заңдардың ішінде «Жер туралы» заң бар, жер мәселесі ауыл тұрғындары үшін маңызды.  Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіліп жатыр. Осы орайда үміткер ретінде ұсынылып отырған ауылдастарыңыз, өздеріңізге белгілі Төлеген Теміржанұлын қолдап дауыс беруге шақырамын» — деді Игорь Пенченко.
Жиын барысында ауыл тұрғындары Мәжіліс депутаты мен үміткерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікірін бөлісті.  width=
«Мен Nur Otan партиясы атынан ұсынылған ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде өздеріңізге сайлауалды бағдарламамды таныстырар болсам, менің сайлауалды бағдарламам осы ауылдағы өзекті мәселелерді, атап айтқанда жарық, ауыз су, ауыл көшесін абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын салу, ауылдағы шаруа қожалықтарының мәселелерін шешу. Сіздерді 25 шілде күні қолдау дауыс беруге және дұрыс таңдау жасауға шақырамын» — деді үміткер Төлеген Теміржанұлы. 
Шараға қатысқан ауыл тұрғындары үміткерді қолдайтынын жеткізді.