Округ әкіміне үміткер сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Округ әкіміне үміткер сайлауалды бағдарламасын таныстырды
1,012
оқылды

15 шілдеде Nur Otan партиясынан Шу ауданындағы Қорағаты ауылдық округ әкіміне үміткер Ә. Диханбаев ауылдық округтегі әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы 4 жылда көшелерді жөндеу, бірқатар елдімекенді газдандыру, Мойынқұм ауылында жаңа балабақша ашу және округке қарасты ауылдарды интернетпен қамту жұмыстарын жүргізу көзделген. Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Нұрымова да қатысып, үміткерді қолдауға шақырды. Сондай-ақ, елімізде алғаш рет өткізіліп отырған сайлау тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, басқару ісіне араласуына мүмкіндік беретінін жеткізді. Тұрғындар депутатқа бірқатар мәселелерін жеткізіп, сұрақтарын қойды. Мәжіліс депутаты көтерілген мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.  Г.Нұрымова бұл күні Шу ауданындағы Оқушылар сарайында, аудандық орталық аурухана жанындағы емханада болып, жұмысымен танысты. Төле би ауылындағы жаңа мектептің құрылыс барысын көрді. Шу ауданы Айта кетейік, жалпы Жамбыл облысы бойынша сайлауға Nur Otan партиясынан 31 кандидат ұсынылды. Оның 8-і 35 жасқа дейінгі азамат болса, 3-і әйел. Үміткерлердің басым көпшілігі білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, бизнес саласының өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер.