Токиодағы Олимпиада ойындарында ең көп табыс табатын спортшылардың есімдері белгілі болды. Бұл тізімді Forbes жариялады.
Олимпиадаға қатысатын спортшылардың арасындағы ең көп табыс табатын спортшылар көшін баскетболдан АҚШ құрамасының шабуылшысы Кевин Дюрант бастап тұр. Оның табысы 75 миллион долларды құрайды. Екінші орында жылына 60 миллион доллар табатын теннисші Наоми Оска жайғасқан. Ал үздік үштікті АҚШ құрамасының тағы бір баскетболшысы Дамин Лиллард түйіндеді. Оның табысы – 40,5 миллион доллар. Сонымен қатар тізімге сербиялық теннисші Новак Джокович (34,5 миллион), гольф спортының жарық жұлдызы британдық Рори Макилрой (32 миллион), америкалық баскетболшы Девин Букер пен Кэй Нисикрои (екеуі де 30,5 миллионнан) және баскетболшылар Крис Миддлтон (27 миллион) және Джру Холидей (23 миллион) енген.А.ЖАСАНҰЛЫ