Конференция Лигасы екінші турының бірінші матчында «Астана» өз алаңында «Аристен» басым түсті.
Ойын басынан екі команда бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Бірақ «Астананың» шабуылдары өз нәтижесін берді.
24-минутта елордалық клубтан Марин Томасов қақпаны дәл көздеп, өзінің командасын алға шығарды. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ. Екінші кезеңде Марин Томасов шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Ол 70-минутта өзінің екінші голын соғып, «Астананың» басымдығын арттыра түсті. Елордалық ойыншы Шимунович 76 минутта дөрекі ойын көрсетіп, алаңнан қуылды.
Кездесуде «Астана» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – «Арис» (Салоники, Грекия) - 2: 0 (1: 0)
Голдар: Томасов 25 (1: 0), Томасов 71 (2: 0)
Қарымта кездесу 29 шілдеде Грекияда өткізіледі.