Қазақстандық зілтемірші, Токио Олимпиадасының қола жүлде иегері Игорь Сон жеңіске жеткені үшін берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты.
«Менің кіші інім мүгедек, оған БЦП (балалардың церебральды параличі) диагнозы қойылған. Ата-анам ініммен бірге емделуге кетті, қазіргі сәтте олар Кореяда. Менің қазіргі бар ойым — інімді аяғына тік тұрғызу. Содан артылған ақшаға өмір сүретін боламын», — деді Олимпиада жеңімпазы И. Сон ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алған еді.