31 шілдеде қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт түрлі спорт түрінен сынға түседі.
Ертең теннисші Елена Рыбакина қола медаль үшін матч өткізеді. Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда рингке шығады.
31 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен): Су добы. Ерлер. Топтық кезең
7:00. Қазақстан - Черногория
Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал
7:35. Ильфат Абдуллин - Ли Цзялунь (Қытай)
Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч
13:30. Елена Рыбакина - Элина Свитолина (Украина)
Бокс. Ерлер, 1/8 финал
14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов - Билал Беннам (Франция)
15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин - Дайсуке Нариматсу (Жапония).