Қазақстан Токио Олимпиадасын отандық телеарналарда көрсету үшін қанша қаржы жұмсады?
Қазақстан Токио Олимпиадасын отандық телеарналарда көрсету үшін қанша қаржы жұмсады?
Коллаж: А.Ахметқазы
191
оқылды

Қазақстан Токиодағы Олимпиада ойындары мен Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы (2022 жылы өтетін) трансляциялау құқығын сатып алуға 6 250 000 доллар жұмсады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарын және Пекиндегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын техникалық шығындарды ескере отырып, жалпы сомасы 6,250 миллион АҚШ долларына трансляциялауға лицензия сатып алу туралы келісілді", - делінген министрліктің депутаттық сауалға жауабында.
Ведомство мәліметінше, құқық иелері бастапқыда Олимпиада ойындарын трансляциялау құқығын 15 миллион долларға сатпақ болған. Олимпиада ойындарының құқық иесі - жапониялық Dentsu Inc компаниясы және оның Орталық Азиядағы өкілі Silver spring media компаниясы. Айта кетейік, 2016 және 2018 жылдары өткен ойындар отандық телеарналарда 5 100 000 долларға көрсетілген. Бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны айтылған еді. Кейін отандық телеарналар телетрансляция құқығын сатып алу туралы келісімге келгені хабарланды.