Ұлттық санақ: бірінші кезең аяқталды
Ұлттық санақ: бірінші кезең аяқталды
203
оқылды

30 маусымда ұлттық санаққа дайындық жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Алматы облысы, Қарасай ауданында санаққа жауапты қызметкерлер орындалуы тиіс жұмысты жоспарға сәйкес аяқтады. Бұл туралы Қарасай ауданының статистика басқармасы хабарлады.

Интервьюерлер аудандағы барлық елді мекендердегі мекенжайларды (ауылдарды) аралап, тұрғын үйлерді, тұрғын емес үй жайларды, құрылыстарды (мекемелерді, ұйымдар мен кәсіпорындарды алғанда) және әрбір үй-жайда нақты тұрақты тұратын адамдардың санын анықтады. Бұл жұмысты 20 нұсқаушы, 14 нұсқаушы бақылаушы, 98 интервьюерлер жұмыс жүргізді. Қарасай ауданының халық санағының бірінші кезеңінде жоспарға сай 108691 обьектілер бойынша деректер жинақталу керек болған. Алайды қызметкерлер 120182 объектіні, яғни тұрғын үйлер, тұрғын емес үй жайларды аралап, жұмысты 111 пайызға артығымен орындады. Ауданда тұратын халық саны санақтың екінші кезеңінен кейін, яғни 1-қыркүйектен 15- ші қазанға дейін онлайн режимде , 1 қазаннан 30 қазанға дейін үйлерді аралау арқылы, планшетке түсірілген деректер арқылы нақтыланады. Халық санағының жоғары дәрежеде, сапалы өтуі, халық санағын жүргізуге қажетті, қабілетті тәжірибесі мол мамандарды қабылдауға байланысты. Мамандар ақпарат құралдарына, жұмыспен қамту орталығында, интернет ресурстарына берілген хабарландыру арқылы, келісімшартпен қабылданады. Қарасай ауданының халық санағының екінші кезеңіне 61 нұсқаушы бақылаушы, 428 есептеуші қабылданады. Олар 45 күн жұмыс істейтін болады.