Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуінен кейін атқаратын лауазымында жұмысын жалғастыру мүмкіндігі туралы айтты. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.– Бокстан Қазақстан құрамасының соңғы нәтижелеріне байланысты құраманың бас бапкері қызметінен өз еркіңізбен кету туралы ойыңыз бар ма?
–Әрине, мұндай ойлар болуы мүмкін. Басшылар бәрін талқылап, шешім шығарады.
– Демек, егер басшылық сізді қызметте қалдырса, сіз бас бапкер ретінде құрамада жұмыс істей бересіз бе?
– Мұны басшылық шешеді, дәл қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын.