Елордада дін өкілдері індетті жеңудің ең сенімді жолы вакцина екенін айтты – видео
Елордада дін өкілдері індетті жеңудің ең сенімді жолы вакцина екенін айтты – видео
Фото: astana.gov.kz
265
оқылды
Нұр-Сұлтанда дін өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дүние жүзіне қауіп төндіріп тұрған коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина алу. Себебі КВИ-мен ауыратындар иммунитет қалыптастыра алмайды. Ал карантинге дейінгі өмірге оралу үшін тиісті шектеу шараларын сақтау қажет. Елорда дін өкілдері бүгінде індетті жеңудің ең сенімді жолы вакцинация екеніне сенімді. Олар жұртты жауапкершілік танытып, коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды. Айта кету керек, вакцинаның құрамына сол ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер енгізіледі. Осының нәтижесінде иммунды жүйе бұрын-соңды болмаған қауіпті сезіп, ағзаға антидене бөледі.

«Әркім өз денсаулығының сақшысы екенін ұмытпауы тиіс. Асылында, денсаулық  аманат екені әуелден белгілі. Бір-бірімізге жанашыр болайық», деді екпе алған Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков.

Елордада COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандардың қатарында исламтанушы Әбдірахман Қойбағар, сол сияқты шіркеулік Епархия қызметкері Андрей Озимин, Нұр-Сұлтан қаласы Константин-Еленин ғибадатханасының клиригі Максим Маджитов болды. Айта кетейік, адамзат өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отырған COVID-19 індетін жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Ұжымдық иммунитет дамыған жағдайда коронавирусқа дейінгі қалыпты өмірге орала аламыз. Ал ұжымдық иммунитет даму үшін елорда тұрғындарының 60%-ы екпе алуы қажет.