Токио-2020: Қазақстандық каратэші алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Токио-2020: Қазақстандық каратэші алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
© sports.kz
244
оқылды
Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токио қаласындағы Олимпиада ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, — деп хабарлайды Sports.kz. Топтық кезеңде Нұрқанаттың бірінші қарсыласы Аустрия спортшысы Цунэари Яхиро болған. Жекпе-жек 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Н.Әжіқанов неміс спортшысы Ноа Битшпен күш сынасады. Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар екі топқа бөлінген. Жартылай финалға әрбір пулдан төрт жекпе-жектен кейін ең көп ұпай санын жинаған екі спортшы шығады.