Қостанай облысында 2 жасар бала үш метрлік құбырға құлап кеткен
Қостанай облысында 2 жасар бала үш метрлік құбырға құлап кеткен
©https://kaztag.kz
191
оқылды

Қостанай облысында құтқарушылар су ұңғымасына құлап кеткен екі жасар баланы аман алып шыққан. Оқыс жағдай туралы "Костанайские новости" басылымы хабарлады.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Костанайские новости (@kstnews.kz)

Олардың мәліметінше, 10 тамыз күні түстен кейін құтқарушыларға Садчиковка ауылында екі жасар бала су ұңғымасына құлап кеткені туралы хабар келіп түседі. Оқиға орнына келіп, жағдайды бағалаған құтқарушылар ұңғымаға параллель орналасқан жерден күрекпен шұңқыр қазған.

"Бала одан әрі құлап кетпеуі үшін арқаннан ілмек жасап, қармақтың көмегімен баланың қолына түйін байланды, ұңғыма тереңдігі де өлшенді. Сәби 3,5 метр тереңдіктегі ұңғымада болды. Баланың орналасқан жерінен төменірек деңгейде шұңқыр қазылып, балаға қарай жерді қаза бастады, арқан байланған шелекпен қазылған топырақты тазалай отырып, балаға жеттік. Осылайша, құтқарушылар баланы құбырдан  алып шықты", - дейді Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару отряды басшысының орынбасары Сергей Шмидт.

Баланың жағдайы әзірге белгісіз. Басылым тілшілері сәбидің жағдайы туралы сауалды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне және Төтенше жағдайлар департаментіне жолдаған екен.