Ауғанстан халқы талибандықтардан неге қорқады? "Талибан" қозғалысы туралы 10 дерек
Ауғанстан халқы талибандықтардан неге қорқады? "Талибан" қозғалысы туралы 10 дерек
"Талибан" өкілдері Кабулдағы президент сарайын басып алған кез. Фото: Заби Карими
675
оқылды

15 тамызда “Талибан” қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, халықтың құқығын шектемейтінін мәлімдеді. Бірақ ауғанстандықтар олардың сөзіне сенбей, көбі елден қашып кетті. Желіде ауғанстандықтардың ұшқалы жатқан ұшаққа жармасып жатқан видеосы тарады.

Ауғанстанның билігіне 20 жылдан кейін қайта оралған талибандықтар "ешкімге тиіспейміз" десе де, жұрт неге олардан қорқады? 1996-2001 жылдары "Талибан" қозғалысы елді қалай басқарды? "Талибан" туралы 10 деректі назарыңызға ұсынамыз.

[caption id="attachment_156554" align="aligncenter" width="1350"]Кабул әуежайындағы Ауғанстан халқы Кабул әуежайындағы Ауғанстан халқы. Фото: AFP[/caption] 1. "Талибан" (пуштун тілінен аударғанда "студенттер", "оқушылар" дегенді білдіреді) 1990 жылдардың басында КСРО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Пәкістанның солтүстігінде пайда болды. BBC мәліметінше, "Талибан" қозғалысы алғаш рет діни семинарларда пайда болды, сунниттік исламның қатаң формасын уағыздаған. 2. АҚШ 2001 жылы "Талибан" қозғалысын Ауғанстан билігінен күштеп алып тастады. Тәліптер Ауғанстанды 1996 - 2001 жылдары биледі. "Талибан" қозғалысы құлатылғаннан кейін содырлар тауға шығып, партизан соғысын бастады. 3. Тәліптер шариғаттың қатаң тәртібін ұстанды. Адам өлтіргені үшін сотталғандарды, зина жасағандарды көпшілік алдында өлтіріп, ұрлық жасағандардың аяқ-қолын кесті. 4. Әйелдердің жұмыс істеуіне, 10 жастан асқан қыздардың білім алуына тыйым салды. Сонымен бірге әйелдерге көшеге жалғыз және буркасыз (паранджа) шығуға тыйым салды. Олар көшеге тек ер адаммен (туысы немесе күйеуі) ғана шыға алды. Заңды бұзғандар жазаланды. 5. Ауғанстандағы Талибан билігін мойындаған тек 3 ел болды. Олар: Пәкістан, Сауд Арабиясы және БАӘ. Тәліптердің паспорты көп елде жарамсыз деп танылды. 6. Тарихи мұраларды жойды. 2001 жылы Талибан халықаралық наразылыққа қарамастан Ауғанстанның орталығындағы Бамиан буддасының әйгілі мүсінін жарып жіберді. Бұл жартасқа ойылған VI ғасырдағы ескерткіштер кешені еді. 7. "Талибанда" экономикалық даму стратегиясы болған жоқ. Олар социализм мен капитализмнің үлгілерін қабылдамады. Халық гуманитарлық көмекпен немесе есірткі саудасынан түскен кіріс көмегімен күн көрді. Бірақ "Талибан" есірткі саудасына ресми түрде тыйым салған еді. 8. "Талибан" қозғалысы 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасады. Сонымен бірге тәліптерге Усама бин Ладенге және оның "Аль-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысына баспана берді деген айып тағылды. 9. Теледидарға, музыкаға және фильмге тыйым салды. Елдегі барлық касета мен пленка жойылды. Мәдениет өкілдері елден кетуге немесе жұмысын тастауға мәжбүр болды. 10. НАТО-ның бағалауынша, қазір "Талибан" қозғалысының қатарында 85 мыңнан астам әскер бар. Бастапқыда құрамында 25 мың адам болған. Айта кетейік, "Талибан" үкіметі шенеуніктеріне рақымшылық жариялап, ауғанстандықтарды жұмысына оралуға және әйелдерді болашақ Үкіметке қосылуға шақырды. "Ислам әмірлігі ("Талибан" басқару жүйесін осылай атады) әйелдердің құрбан болғанын қаламайды. Олар шариғат заңдарына сәйкес Үкіметтік құрылымда болуы керек", - деді "Талибан" комиссиясының мәдениет мәселелері жөніндегі мүшесі Энамулла Самангани.