«Шахтер» Конференция лигасының бірінші матчында «Маккабиден» ұтылды
«Шахтер» Конференция лигасының бірінші матчында «Маккабиден» ұтылды
ФК "Шахтер"©
195
оқылды
Бүгін UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Шахтер» алғашқы ойынын өткізді. «Шахтер» командасы елордадағы «Астана-арена» стадионында Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. 73 минутта қарағандылық Ыдырыс Умаев гол соқса, қарсылас клубтың ойыншысы Ави Рикан 75 минутта есепті теңестірді. Ал, 77 минутта Эден Шамир «Маккабиді» алға шығарды. Конференция лигасы - 2021/22. Плей -офф. Бірінші матч. «Шахтер» - «Маккаби» Т -А 1: 2 Голдар: Умаев 73 - Рикан 75, Шамир 77