Қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілді
Қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілді
©forumdaily.com
579
оқылды

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі неғұрлым икемді және білім алушылардың ең талап етілетін құзыреттерін қалыптастыруға бағдарланады. Енді  колледждерге академиялық еркіндік берілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктіліктерді алуға және қысқамерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктіліктерді алуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. Осылайша, колледждер жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлайтын болады.

«Бұдан басқа, енді дуалдық форматтағы оқу мерзімі студенттердің еңбек өтілі болып есептелетін болады. Бұл колледж түлектеріне жұмыс тәжірибесімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар колледждер студенттердің жасаған өнімдерін білім беру ұйымдарының шеберханаларында сата алады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуі бойынша міндетті талап алынып тасталды», - делінген хабарламада.

Енді олар мемлекеттік тапсырысты орналастыруға лицензиясы болған және белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда аккредиттеуден өтпей-ақ қатыса алады. Бұл ретте жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.