Алматылық полицейлер қала ішінде мотоциклмен жүреді
Алматылық полицейлер қала ішінде мотоциклмен жүреді
Фото: polisia.kz
199
оқылды
Алматы полицейлеріне мотоцикл берілді. Бұл туралы қалалық ДП баспасөз қызметі мәлім етті, – деп жазады  Алматы телеарнасы.
"Патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 КТМ мотоциклі берілді. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін пайдаланылады", – делінген министрлікте.
Полиция мәліметінше, қызметкерлер алдын ала мотоцикл жүргізуді меңгерген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл мотоциклдер тез әрекет етуге мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.