Қазақстандық файтер Азат Максум (12-0) Алматыдағы brave Combat Federation 53 аралас жекпе-жек турнирінде бразилиялық Флавио де Квейрозбен (12-3) жұдырықтасты.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, алайда Максум бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді, – деп жазады Sports.kz.
Осылайша, Азат Максум өзінің кәсіби мансабында он үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Ал Флавио де Квейроз төртінші рет жеңіліс тапты.
[caption id="attachment_157263" align="alignnone" width="553"] Фото: @aza.maksum[/caption]