Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық боксшыны жеңді
Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық боксшыны жеңді
205
оқылды
22 тамызда Қарағандыда кәсіпқой бокстың кеші өтті. Ересектер арасында 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев про-рингтегі дебютті жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды  Sports.kz Кештің басты шайқасында Қайрат өзбекстандық Бахит Абдурахимовпен (10-14, 4 КО) кездесті. Жеңіл салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ералиевтің карьерасындағы басты жетістігі 2017 жылғы әлем чемпионатының «алтыны» болды. Ол, сондай-ақ, 2013 жылғы әлем чемпионаты мен екі рет Азия чемпионатының (2015, 2017) қола жүлдегері атанған.