Спутник V аутоиммундық аурулар тудырады – Fake news
Спутник V аутоиммундық аурулар тудырады – Fake news
©dw.com
246
оқылды

Спутник V вакцинасынан аутоантиденелер пайда болып, аутоиммундық аурулар дамитыны туралы хабарлама кеңінен таралды. Әсіресе, препараттың тиімділігі дәлелденбегендіктен оны егу қауіпті екені айтылған. Алайда Stopfake.kz бұл жалған ақпарат екенін хабарлады.

Спутник V вакцинасының тиімділігі дәлелденбеген деген тезистер ғылыми деректерге қайшы келеді. Препараттың клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің аралық нәтижесі осы жылдың ақпан айында медициналық рецензияланған The Lancet журналында жарияланды. Мақалада вакцинаның тиімді және қауіпсіз екендігі айтылған. "Сынаққа қатысушылар аутоиммундық ауруларға шалдыққаны туралы хабарланған жоқ. Бүгінгі таңда Спутник V тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылып жатыр", - делінген хабарламада. КВИ қарсы егу науқаны басталғаннан бері препараттың қауіпсіз екені туралы дәлелденген. Сондай-ақ ғалымдар Спутник V вакцинасының вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы тиімділігі анықталды.
Сондықтан Спутник V вакцинасының аутоиммунды ауруларды тудыратыны туралы мәлімдемелер негізсіз және қолданыстағы ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.