“Талибандар” Панджшер провинциясын басып алмақ
“Талибандар” Панджшер провинциясын басып алмақ
©karasayinfo.kz
195
оқылды

Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысы елдің солтүстігінде орналасқан Панджшер провинциясын басып алу үшін аймаққа жүздеген әскерін жіберді.

Панджшер – әлі күнге дейін тәліптерге бағынбай келген жалғыз провинция. Жуырда радикалдар аймаққа 4 сағаттың ішінде бейбіт түрде берілуді талап еткен еді. Алайда Панджшер провинциясының билігі өліспей беріспейтінін жеткізді.

Тәліптерге тойтарыс берем дегендердің қатарында Ашраф Ғанидің тұсында вице-президент атанған Амрулла Салех пен 1980-1990 жылдары ауған моджахедтерінің лидері, дала командирі және қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд бар.

Ауған астанасы тәліптердің қарамағына өткелі бір аптадан асты. Әлі күнге дейін Кабул әуежайында жиналған адамдардың қарасы қалың. Арасында балалар көп. Қазір онда 20 мыңнан астам адам ашық аспан астында лас жерде түнеп жүр. Аптап ыстықта ауыз су мен азық-түлік те тапшы. Ал жуырда әуежайда қыспақтан аяқ астында қалған 7 адам қаза тапты.