Күйік шалған 6 жасар бала емшінің емінен кейін жансақтау бөліміне түсті
Күйік шалған 6 жасар бала емшінің емінен кейін жансақтау бөліміне түсті
©egemen.kz
445
оқылды

Шымкентте 6 жасар бала күйік шалып, жансақтау бөліміне түсті. Ата-анасы баланы емшіге барып емдеген. Бірнеше күн өтіп кеткендіктен уақытылы ем жасай алмаған. Бұл туралы Отырар сайты хабарлады.

Шымкентте жыл басынан бері 179 бала күйік шалған. Оның біреуі қайтыс болған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, үш жасар науқасты аман алып қала алмады.
Бұл жолы 6 жасар бала бірден жансақтау бөліміне түскен. Үлкендердің кінәсінен бала ауруханаға кеш жеткізілген. Олар күйікті емдеу үшін, ең алдымен, емшіге барған. Қазір кішкентай науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер баланы 20 минут сайын тексеріп жатыр.

"10 күн бұрын бала ауыр халде ауруханаға түсті. Ол жедел токсемия сатысында болды, маңызды органдар дерлік зардап шекті. Баланың ата-анасы емшінің көмегіне жүгінген. Емші белгісіз жақпа майын жаққан. Салдарынан бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті", - дейді дәрігері Нұрпейіс Шырынбек.

№1 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Давлат Жабархановтың айтуынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.
"Призмафлекс аппаратымен екі сеанс болды, бұл детоксикация, оның жұмыс принципін реттейді. Қондырғы арқылы науқастан қан алынады, сүзгіден өтеді, барлық токсиндер тазартылады және балаға таза қан құйылады. Екі сессиядан кейін баланың клиникалық жағдайы жақсарды", – дейді  Давлат Жабарханов.
Ата-анасы балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне ризашылығын білдіріп жатыр.