Ресейде қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады
Ресейде қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады
©sputnik.kz
349
оқылды

Ресейдегі Қарашай-Шеркес республикасында үйлену тойының мейманын атып тастады. Бұл хабарлама "112" Telegram-арнасында жарияланды.

Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы атыспен аяқталды.
Кеудесіне оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан көз жұмды.
Күдіктілер – 31 жастағы Аслан Утагонов пен 32 жастағы Самвел Киракосян. Болған жағдайдан кейін олар ақ Porsche Cayenne көлігімен ізін суытқан.
Біреуі ұсталды, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.