Қазақстандық боксшы Дамир Байпақов Дубайдағы (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек өткізді.
Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж.т.) Байпақов жартылай финалда өзбек боксшысы Бахтиер Яхшибоевпен 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты және төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 4:1.
Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық бірінші раундта есе жіберген, бірақ кейін екінші және үшінші раундтарда камбэк жасап, нәтижесінде жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстанның вице-чемпионы Дамир Байпақов финалда юниорлық біріншіліктің "алтынына" таласпақ.