Әріп көп пе, оқушы көп пе?
Әріп көп пе, оқушы көп пе?
1,058
оқылды

1 қыркүйек – білім күні. Бұл күні мектеп оқушыларына алғашқы қоңырау соғылады. Осыған орай біз биылғы мерекені мектеп оқушылары қалай қарсы алғанын көрдік. 1286-ға жуық оқушыға арналған Нұр-Сұлтандағы №88 мектеп-лицейдің алғашқы білім күніне куә болдық.

[caption id="attachment_158948" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Қазақ-орыс аралас мектептің табалдырығын биыл 250 бала аттап отыр. Бір сыныпта 25 оқушы. Бес қазақ, бес орыс сыныбы бар. [caption id="attachment_158950" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Білім ордасы жаратылыстану мен математика бағытына негізделген. Бүгінде мекемеде 101 мұғалім жұмыс істейді. Жаңа мектептің ашылғанына биыл қарашада екі жыл болады. [caption id="attachment_158951" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] 1"Е"-сыныбының жетекшісі мектепті, дәстүрлі форматтағы жұмысын сағынғанын жеткізді. "Осындай керемет мектепте жұмыс істеп, балаларға білім бергенге не жетсін?! Биылғы оқу жылы жеңіл өтеді деп ойлаймын. Біріншіден, дәстүрлі форматқа көштік. Екіншіден, жаңа әліппеміз қолымызға түсті. Былтырғыдай ата-аналар қиналмайды", – дейді Ұлдан Жаппарова. [caption id="attachment_158952" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Салтанатты шарада әдеттегідей Әнұран шырқалып, көк Туымызды мектеп оқушылары алып шықты. Артынан ән орындалып, оқушылар би биледі. [caption id="attachment_158954" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Шараға Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Оралұлы Жакенов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Қасенқызы Сматаева, Әліппе оқулығының авторы Әсия Жұмабаева, "Атамұра" корпорациясының президенті Құлмұхамед Рақымғали Абрарұлы қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. [caption id="attachment_158963" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] – Құрметті ата-аналар, ата-әжелер бүлдіршіндердің бүгінгі қадамы құтты болсын! "Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың" деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, әр бала осы алтын ұядан түлеп ұшады. 11 жыл 11 күндей зымырап өте шығады. Балаларымыздың алды алтын белгіге бітіріп, арты мектебінің озат оқушысы болсын, – деді мектеп директоры Жанат Тұрысбекқызы. [caption id="attachment_158964" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Салтанатты шарада 1-сынып оқушыларына жаңа шыққан Әліппе оқулығы табысталды. [caption id="attachment_158965" align="alignnone" width="934"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Алғашқы кітабын қолына алған оқушылар мәз-мейрам. Сабақтың басталуын күтіп тұрғандай. [caption id="attachment_158966" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] 6 жасар Әлихан алғашқы қоңырауына атасымен бірге келіпті. "Атамның баласымын. Ол маған тарих жайында көп әңгіме айтады. Сондықтан тарих сабағын оқысам деймін. Бірақ қазір тек әріптерді үйренеді екенбіз. Өзім «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлерін тыңдағанды ұнатамын. Өйткені үйде әрқашан күй қосылып тұрады" – дейді ол. [caption id="attachment_158967" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Ал оның сынып жетекшісі Нұрсәуле Орынбаевна 1-сынып оқушыларының сабақты дәстүрлі форматта оқығанды жөн санайды. [caption id="attachment_158968" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Оның сөзінше, онлайн сабақ дәл бірінші сынып оқушылары үшін қиындау болады. [caption id="attachment_158970" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] - Өзім жас маман болғандықтан, сабақты онлайн өткізгенге қиналмадым. Дегенмен сабақ оффлайнда өткені дұрыс. Оның үстіне, бастауыш сыныптың оқушыларына онлайн сабаққа қосылу қиын. Қасында міндетті түрде ата-ананың бірі болуы керек. Екіншіден, баланың экранның арғы бетінен түсінуі қиын. Сондықтан биыл алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта өткеніне қуанып жатырмыз, – деді жас маман. [caption id="attachment_158971" align="alignnone" width="1024"]оқушы ©️Радмир Фахрутдинов[/caption] Ең қызығы, биыл оқушылардың көптігінен кейбір мектептерде 1 "Ш" сыныбы, 1 "Ы" сыныптары ашылған. Алысқа бармай-ақ елорданың өзінде №83, №72 мектептен осындай сыныптарды табуға болады. Астананың маңындағы Қосшы ауылында 1 "Ы" сыныбы бар. Бір сыныптың өзінде 40 оқушыдан екен. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмейміз. Алайда еліміздің кейбір аймақтарында оқушының жоқтығынан мектептер жабылып жатқаны тағы бар. Мұны қалай түсінеміз?!