WBA Головкин мен Мурата арасындағы кездесудің өтуіне рұқсат берді
WBA Головкин мен Мурата арасындағы кездесудің өтуіне рұқсат берді
Photo by Sarah Stier/Getty Images
236
оқылды
Кубалық боксшы Эрисланди Лара (28-3-3, 16 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жоспарына кедергі келтіре алмайды, деп жазады Vesti.kz. ESPN басылымы мен шолушы Дэн Рафаэльдің таратқан ақпараты бойынша, Лара WBA ұйымы жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуді талап еткен. Бірақ инсайдер таратқан ақпарат бойынша, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы бұл кездесуге келісім бермей, Головкин мен Мурата арасындағы желтоқсанға жоспарланған кездесуге рұқсат берген. Головкин соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шығып, польшалық Камил Шереметаны (21-2, 5 КО) нокаутпен жеңген.