Нұр-Сұлтандағы ең көне ғимараттардың бірі – «Астана» концерт залы
Нұр-Сұлтандағы ең көне ғимараттардың бірі – «Астана» концерт залы
861
оқылды

«Астана» концерт залы – елорданың тарихи көрінісі. Қала орталығында орналасқан бұл ғимарат еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Өйткені елеулі мәдени шараның барлығы осында өтеді.

[caption id="attachment_159179" align="alignnone" width="996"]Астана ©wikimapia.org[/caption] Қызығы, бұл ғимараттың тарихы 1950 жылдардан басталды. Алғашында ол «Отан» жазғы типті кинотеатр болған. Артынан ол жерге Целинниктер сарайы тұрғызылды. [caption id="attachment_159181" align="alignnone" width="1023"]Астана ©astana.citypass.kz[/caption]

Себебі 60-жылдардың басында Целинный аймағы Ақмоланың орталығына айналған еді. Соның қарқынымен елде құрылыс жұмыстары жанданды. Оның үстіне, сол кезде түрлі іс-шаралар өткізуге арналған қала орталығында ауқымды, кең қоғамдық ғимарат болмаған екен. Сол тұста, 1961 жылы Н.Хрущев Целиноградқа келіп, ең ірі индустриалды аймақта жиналыс өткізетін қолайлы орын таба алмаған. Сөйтіп, Целинниктер сарайын салу туралы шешім қабылданған.

Екі жыл екі айда салынған 2500 орынды ғимарат бүкіл аймақтың «визитный карточкасына» айналды. Ғимарат латвиялық сәулетшілер Д.Даннеберг, П.Вогельс және О.Крауклис жобасымен тұрғызылып, 1963 жылдың 6 қарашасында Целинниктер сарайы ашылды. [caption id="attachment_159184" align="alignnone" width="1024"]Астана ©astana.zagranitsa.com[/caption] Іштегі кинотеатрдың өзі оншақты проектордан, экран көлемі – 34 х 13,1 метрден тұрды. Ал жарықтандыруға 1200-дей шам мен 82 колонка орнатылды. Кіреберістегі холл ботаникалық баққа айналған. Ондағы түрлі  экзотикалық өсімдіктер Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жеткізілген екен. Сол кезде кино мен концертке келушілердің көптігінен алғашқы жартыжылдықта адамдарды тек арнайы шақыртумен кіргізіпті. Сөйтіп, сарай қаланың мәдени өмірінің орталығына айналған. Онда тек партиялық кездесулер, концерттер, фильмдер көрсетілімдері емес, жаңажылдық мереке мен би кештері де өткізіліп тұрған. [caption id="attachment_159185" align="alignnone" width="1055"]Астана ©www.inform.kz[/caption]

1982 жылы ғимарат Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енді. Дегенмен 90-шы жылдардың соңында Сарай ауқымды қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде, 1998 жылы ғимарат «Конгресс Холл» деп аталды. Заманауи жөндеуден өткен ғимараттың амфитеатры алынып, мыңға жуық орны қысқарылды. Өзгерістерге қарамастан, ғимарат ішіндегі акустика жақсы сақталған.

[embed]https://youtu.be/-jQrNT_F8B8[/embed] Бірақ 2016 жылы «Конгресс Холл» есімі «Астана» концерттік залға ауыстырылды.