Қазақстан құрамасы сырт алаңда Финляндиядан жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Финляндиядан жеңіліп қалды
Фото: Hornews.ru
189
оқылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Финляндиядан ұтылды. Командалардың кездесуі Хельсинкиде өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Кездесудің 60-минутында Йоэль Похьянпало гол соғып, командасын алға шығарды. Бұл матчтағы жалғыз гол болып тіркелді. ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінің D тобында Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін екі ұпай еншілеп, соңғы орында тұр. Ал Финляндия 5 ұпаймен екінші орынға көтерілді.