Күзде неге иммунитет әлсірейді? Диетолог ағзаға қажет дәрумендерді атады
Күзде неге иммунитет әлсірейді? Диетолог ағзаға қажет дәрумендерді атады
Фото: Sayyes.com.ua
748
оқылды

Диетолог Арай Әміренің айтуынша, күзде адам ағзасына дәрумендер өте қажет. Осы мезгілде адам ағзасы әлсіреп, күзгі хандра күйін кешеді, жұмысқа, оқуға зауқы бомайды. Салдарынан иммунитет әлсірейді. Диетолог күзде адам ағзасына қажет дәрумендерді атап, қалай тамақтану керек екенін айтты.

Диетологтың айтуынша, Е дәрумені күз айында таптырмас қуат көзі бола алады.

"Осы дәруменнің жетіспеуінен тырнақ сынғыш болып, шаш түсіп, бетте қара дақтар пайда болады. Тез шаршау, ашуланшақтық та осы дәруменнің жетіспеуі салдарынан болады. Ол өсімдік майларының, көкжидектің, шоколадтың және грек жаңғағы мен миндаль құрамында кездеседі", - дейді маман.

Тағы бір маңызды дәрумен - А. Ол балықтің, бауырдың, жұмыртқаның сарысының, сүттің, қызанақтың, қарбыздың, жасыл жапырақты көкөністердің құрамында бар. D дәрумені де маңызды. Ол барлық сүт өнімінде, балық майы мен жұмыртқада бар. Диетолог күзде таңғы асты тастамауға кеңес берді. Өйткені күн суыған кезде таңнан кешке дейін энергияны сақтап қалу маңызды. Ал энергия жетпесе, шаршаңқылық болады.

"Күз – жеміс пен көкөністің пісетін уақыты. Сондықтан рационды осы табиғи витаминдермен толтырған абзал. Әсіресе, ас мәзірінде көмірсутек көп болуы керек. Себебі көмірсутек – ағзаға энергия беруші әрі тасымалдаушы. Бар энергияны осы компоненттен аламыз. Көмірсутектің негізгі көзі – бал, зефир, қара шоколад. Күзде ауа ылғалданып түрлі вирус көбейеді. Ал ол ағзаға шабуыл жасауы мүмкін. Сондықтан иммунитетті реттеу үшін сорпа сияқты сұйық тағамдарды жиі ішкен дұрыс", - дейді маман.