Білім мәселесі басты назарда
Білім мәселесі басты назарда
381
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жолғы «Ха­лық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жол­дауында білім саласына қатысты ауқымды жобалар айтылды. Ең әуелі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер санын жаңадан 800 мек­теп салу есебінен шешу мәселесі қарастырылды. Бірақ алдағы уақыт­та орын тапшылығы өсуі мүмкін екенін болжасақ, 800 мектепті 1 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр. Яғни, мектептерге қатысты мәселелерден тү­бегейлі арылуға тиіспіз.

«Nur Otan» партиясының Жол кар­та­сында оқу орындарын жалпы 100 пайыз біл­ікті кадрлармен қамтамасыз ету пункті қа­растырылған. Осы орайда педагог кадрлардың жалақысын 25 пайызға дейін арттырып, олардың мәртебесін жастар ара­сында көтеру арқылы біліктілік дең­гейін біршама еселей алатынымыз сөзсіз. Бұл ретте педагог кадрлар заңның ая­сын­да 5 жылда 1 рет біліктілігін арттыратын бол­са, енді 3 жылда 1 рет оқыту қарас­тыры­лады. Мұны оң нәтижеге негізделген ше­шім болады деп ойлаймыз. Себебі әр 5 жыл сайын білім, уақыт жылдам өзге­ре­ді. Сондықтан 3 жыл сайын пәндік бі­лік­тілігін, көшбасшылық қасиеттерін да­мытатын, басқа да дағдыларын өсіретін курс­тардың өткізілуі тиімді нәтижеге қол жет­кізуге себепші болмақ. Негізі, мектеп оқушыларының білім са­пасы оларды оқытатын мұғалімдердің бі­лім сапасымен тікелей байланысты. Биыл­дан бастап педагогика мамандығына оқу­ға түсушілердің үздік білім иегері ата­нып, Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті ба­лының да жоғары болуы – біліктікке қа­тысты өзекті мәселелерді шешіп, мәр­те­бесін көтеруге бағытталды. Аталған жұ­­­мыстарды одан әрі жалғастыру маңыз­ды. Еліміздің кей аймағында мұғалімдер же­тіспейді. Сонымен қатар жараты­лыс­тану, математика, гуманитарлық пәндер мұ­ғалімдері де тапшы. Сол себепті Білім жә­не ғылым министрлігімен, педагогтерді дайын­дайтын жоғары оқу орындарымен бір­лесіп сапалы кадрларды кәсіби бағдар бойынша мектептерге жіберуге тиіспіз. Қазір үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы жайы өзекті мәселе бо­лып отыр. Былтырдан бастап мемлекет осыны қолға алды. Жаңадан 800 мектеп салу арқылы мәселені шешу көзделген болатын. Бүгінде орын тапшылығы 250 мың­ды құраған. Алдағы 5 жылды бол­жай­тын болсақ, бұл тапшылық 1 миллионға жетуі мүмкін. Сол себепті 800 мектепті 1 мың мектепке дейін көбейту ұсынысы орын­ды айтылды. Бірақ қазір типтік оқу жос­парында гимназия немесе лицей сы­ныптары жоқ мектептерде профицит бар екенін байқаймыз. Мысалы, мектеп 900 балаға арнап салынуы мүмкін, алайда ол жер­де 600 бала оқуы мүмкін. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі жергілікті ат­қарушы органдармен бірлесіп, қай мек­тептерде профицит екенін анықтап, са­лынар мектепте осындай жағдай болмас үшін Ұлттық экономика министрлігімен қосылып болжам жасауы маңызды. Бала­лардың дүниеге келуі, интеграция, көшу мәселесіне орай оқушылар саны көбеюі мүмкін аудандарды болжау қажет. Ал енді инклюзивті білім беруге келер бол­сақ, биыл Парламент Сенаты мен Мә­жілісінің бір топ депутаттарының бас­тамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қолдау тапты. Кейін Сенатта мақұлданып, Мем­лекет басшысы қол қойды. Негізгі ерекшелігі биылдан бастап қалыпты оқушылармен бірге мүмкіндігі шектеулі оқушылар да қатар отырып білім алады. Ол үшін мұғалімдердің дайындығын жү­зе­ге асыру қажет. Оқушыларға білімді саралап беруге тура келеді. Әрқайсысының қабілетіне байланысты оқытуда ұстаз­дарды дайындайтын арнайы курстар қа­жет. Жаңадан салынып жатқан мектеп­тер­де инклюзивті сыныптарды әзірлеу керек. Бұл пандустан бастап, лаборатория, есіктердің енінің кеңейтілуіне дейін назар аударар жайт. Мектеп құрылысының мемлекеттік сараптамаға дейінгі кезеңінде ескерілуі тиіс. Жалпы, Мемлекет басшысының Жол­дауы «Nur Otan» партиясының Жол кар­тасында көрсетілген жоспарлардың орын­далуына, білім саласының дамуына негіз боларына сенім мол. Оның ішінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапа­сындағы алшақтықты мейлінше азайту, ауыл мектептерін модернизациялау мә­се­лелері өзекті.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Мәжіліс депутаты