Орал іргесіндегі Зашаған кентінде су кестемен берілетін болды
Орал іргесіндегі Зашаған кентінде су кестемен берілетін болды
©https://www.facebook.com/
216
оқылды

Түнде кәріз сорғы станциясының екі бірдей агрегаты істен шыққан. Коммуналдық компания өкілдері апат салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін сарқынды су басу қаупі туындағанын мәлімдеді.

Осы келеңсіздіктің алдын алу үшін суды уақытпен беруге тура келген көрінеді. 30 мыңдай абонент енді суды алдын ала жинап, үнемдеп тұтынуға мәжбүр. Апаттың нақты қашан жойылатыны әзірге белгісіз.
– Өкінішке қарай, тұрғындар кәріз жүйесіне неше түрлі қоқыс салып жібереді. Құбырдан тұрмыстық қатты қалдықтар, гигиеналық заттар табылып жатады. Көшедегі құдықтарда тіпті құрылыс материалдарының қалдықтары да жатады. Салдарынан кәріз жүйесінде жиі апат болады. Екі бірдей агрегат істен шығып қалды. Қазір тек жалғыз агрегат қана жасап тұр, – коммуналдық кәсіпорын директоры Әнуар Аркенов.