5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін
5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін
©baq.kz
478
оқылды

 Германиялық BioNTech және америкалық Pfizer компаниялары бірігіп әзірлеген 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған COVID-19-ға қарсы вакцина жақын арада қолданысқа шығуы мүмкін.

Бұл туралы BioNTech компаниясының медициналық зерттеулер бойынша директоры Озлем Тюречи хабарлады.

- Жақын апталарда біз бүкіл әлемдегі 5 пен 11 жас аралығындағы балалар арасында жүргізген зерттеуіміздің нәтижесін билікке ұсынамыз. Осы аралықтағы жасөспірімдерге вакцинаның салуына  Еуропада рұқсат берілуін өтінеміз, - деді Озлем Тюречи.

Оның айтуынша, екпе өндіріске дайындалу үстінде. Сондай-ақ балаларға арналған препараттың ересектердікінен айырмашылығы жоқ, тек дозасы аз.

"Зерттеу нәтижесі дайын болып қалды, енді оны биліктің бекітуін күтеміз. Жылдың соңына қарай алты айдан асқан сәбилердің арасындағы зерттеу нәтижелері шығады, - деді BioNTech компаниясының тең құрылтайшысы Угур Шахин.

Қазан айының ортасынан бастап Германияда 12 жасқа дейінгі балаларға BioNTech - Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін.