– Отбасылық жұптың бір салада болғанының артықшылығы көп. Екеуміз де сотталғандармен жұмыс істейміз. Жұмыс бабында бір-бірімізге көмектесіп, қиналған сәтте қолдау көрсетеміз. Кейде жұмыс барысымен кешігіп жатамын. Сондай сәттерде жолдасым Асхат түсіністікпен қарайды. Отбасы беріктігі осындай қарапайым кезеңдерде бір-біріне деген сенімділік пен жанашырлықтан тұрады, – дейді ЗК-169/1 медицина бөлімінің мейірбикесі Ақманат Жанат.– Біздің ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан қызметкерлеріміз отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді. Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдық тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де ерекше мән береміз. Жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз. Қызметкерлеріміздің отбасындағы жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс істеуіне мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс істейтін жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды, – дейді ҚАЖ департаментінің кадр саясат тобының бас маманы Ақерке Абжалиева.
Фото: Рolisia.kz