"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
14 қыркүйекте Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі.
14 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде және батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус шамасында үсік жүреді.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан желдің күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, екпіні 15-20 м/с аралығында болады күтіледі.
14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді.