Бұқаралық спорт түрлеріне басымдық беріледі
Бұқаралық спорт түрлеріне басымдық беріледі
691
оқылды

Спорттық нысандар тек кәсіби спортшылардың жа­рысы мен жаттығуы өтетін орын ғана емес, сонымен қатар балалар спортпен шұғылданатын мекеме болуы тиіс. Мұндай мекемелер Нұр-Сұлтан қаласында көбе­йетін болады.

«Спорт нысандарын бала­лар мен жастар үшін қолжетімді етіп жатырмыз. Бұл жаттығу сапасы­на, дамуға серпін береді. Мем­лекет басшысының тап­сырма­сына сәйкес бұқаралық спорт, балалар мен жасөс­пі­рімдер спорт мек­тептерін да­мытуға басымдық берілмек. Спорттық инфра­құ­рылымды кәсіби клубтарға емес, бұқа­ралық спорт түрлеріне баса на­зар аудара отырып да­мы­та­­мыз», – дейді қала әкімі Алтай Көлгінов. Бұған мысал ретінде әкім 2020 жылы ашылған жеңіл атлетика спорт кешенін де айтып өтті. Онда жеңіл атлетиканың 7 түрі­нен тек кәсіби спортшылар ғана айналыса алатын. «Енді қала тұрғындарын кө­бірек қамту үшін қыркүйек айы­нан бастап балалар да бара алады. Ол үшін жеңіл атлетикадан Nur-Sultan спорт клубы құрылды. Ол жаттықтырушыларды жалдауға және олардың еңбегіне жалақы төлеуге, сондай-ақ спортпен ай­налысатын балалар санын арт­тыруға мүмкіндік береді. Клубтың ерекшелігі – жеңіл атлетикамен ниет білдірген өзге оқушылар да айналыса алады. Яғни, бұған дейін БЖСМ-де болудың қажеті жоқ, дайындықсыз келіп те жат­тыға аласыз. Ол үшін қалалық федерацияға жүгіну немесе №9 БЖСМ арқылы тіркелу қажет», – деді Алтай Көлгінов.  width= Сонымен қатар қала басшысы балалар мен жасөспірімдер спор­тының өзге де түрлеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөс­пірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Әкімнің айтуынша, қо­сымша қаржыландыру есебінен балалар саны 50%-дан астам ұлғайтылады. Сондай-ақ аула клубтарының саны көбейеді. Бірінші кезеңде олардың санын 30-дан 50-ге дейін артады. Бұл түрлі спорт түрімен айналысатын балалар санын екі есе көп қамтуға мүмкіндік береді. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында соңғы екі жылда 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, төрт елді мекенде денешынықтыру-са­уықтыру кешені құрылысын жүр­гізіп жатырмыз, сондай-ақ үстел теннисі орталығын салып жа­тырмыз. Бұқаралық спортты да­мыту бойынша жұмыстарды жү­йелі түрде жүргізіп келеміз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Ж.НҰРЛАН