Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.
1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.
Ақылы учаскелерде жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ. Екі арадағы баға сол қалпында қалады.
ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.