ШҚО-да аюлар көше кезіп жүрген
ШҚО-да аюлар көше кезіп жүрген
Фото: yk-news.kz
208
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында аюлар көше кезіп жүрген. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан тұрғындар жыртқыш аңның көше кезіп жүргендігін айтты.
«Белгілі болғандай, бірнеше аю қыркүйек айының басында қала аумағына кіріп кеткен. Тұрғындар аюларды Полевой көшесіндегі №202 және №206 үйлердің маңында және Пролетарская көшесінде байқады. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары түз тағыларының қайда екенін анықтау үшін тиісті шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта шаһар көшелерінде аюлар жоқ», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің дерегінше, жыртқыш аңдар ешкімге зардап тигізбеген.