Алматы облысында жер сілкінді
Алматы облысында жер сілкінді
Фото: social.riafan.ru
202
оқылды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлады.

17 қыркүйек күні 04 сағат 07 минут 57 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 3,9. Тереңдігі – 15 км. Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуі Алматы облысы Саты ауылында сезілген.