Ең жоғары базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 118%-ына жетіп, 60 005 теңге болады.
Зейнетақы, жәрдемақы, қосымша әлеуметтік төлем: бүгіннен бастап қалай өзгергені белгілі болды
5,472
оқылды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі бірден 10 пайызға өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Зейнетақы мөлшеріндегі өзгерістер:

Базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына теңестіріледі — 35 596 теңге.

Ең жоғары базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 118%-ына жетіп, 60 005 теңге болады.

2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы азамат 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алса, 2026 жылы бұл сома 192 816 теңгеге дейін артады:

Базалық зейнетақы — 60 005 теңге

Ынтымақты зейнетақы — 132 811 теңге

Бұл сомаға БЖЗҚ төлемдері кірмейді.

Жәрдемақылардағы өзгерістер:

1, 2, 3 бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы — 164 350 теңге

4 және одан да көп бала туған жағдайда — 272 475 теңге.

Көпбалалы отбасыларға арналған ай сайынғы жәрдемақы:

4 баласы бар отбасы — 69 330 теңге

10 баласы бар отбасы — 173 000 теңге.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақы:

І топ – 111 872 теңге

ІІ топ – 89 498 теңге

ІІІ топ – 61 021 теңге.

Қосымша әлеуметтік төлемдер

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін:

Асыраушысынан айырылу

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер де 10% өседі.

Бұл төлемдер азаматтың табыс деңгейі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.